Тілеубергенов Қайыржан Кәрімұлы
1955 жылдың 7 қарашасында Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы селосында туған. 1972 жылы орта мектепті бітірген. Сол жылы Нұраталды кең шарының шеберханасына токарьлық мамандықты игеруге бел байлап, 1974 жылға дейін токарьдің комекшісі, содан кейін токарь болып екі жыл жұмыс істеген. КСРО қарулы күштері қатарында әскери борышын 1974-1976 жылдары өтеген. 1976 жылы Қарағанды Мемлекеттік университетіне түсіп, 1981 жылы тарих пәнінің мұғалімі мамандығын алып шыққан.
1981 жылдан 1992 жылдар аралығында Шет ауданында комсомол, партия жұмыстарында болған. 1992 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Шет ауданы әкімінің көмекшісі, аудан әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі, аудан әкімінің орынбасары лауазымдық қызметтерін атқарған. 2008 жылдың шілде айынан 2011 жылдың қазан айы аралығында Шет ауданының әкімі қызметін атқарған.
2011 жылдың 31 қазанынан бастап осы уақытта Ақтоғай ауданының әкімі қызметін атқарады.
Құрметті Ақтоғай ауданының әкімі аппаратының
ақпараттық порталында болушылар!
Сіздермен Ақтоғай ауданының жергілікті мемлекеттік басқарудың ресми WEB - сайтында сәлемдесуге шын жүректен қуаныштымын. Өзіміздің жеке WEB - сайтымызды жасауға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлттық ақпараттық инфроқұрылымды реформалау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығының нәтижесінде қол жеткіздік және ол мемлекеттік органдардың жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған «Электрондық үкімет» бағдарламасын жүзеге асырудағы алғашқы қадам болып табылады.
Ресми сайттың ашылуы жергілікті мемлекеттік басқару органдарының халықпен өз дәрежесінде бірлесіп жұмыс жасау процесін жылдамдатуды және жақсартуға, әрбір сайтқа кіруі арқылы жергілікті басқару органдарының құрылымы, олардың құзіреті, атқарып жатқан жұмыстары туралы ақпарат алуымызға, сондай-ақ өзімізді қызықтырған мәселелер бойынша өзара байланыс жасауына және қабылданатын шешімдерге байланысты өз ұсыныстарымызды беруге толық мүмкіндік туады деп ойлаймын.
Ақтоғай ауданының ресми сайтының көпшілік тұрғындардың пікірін ескере отырып, ауданымыздың қарыштап дамуына қызмет жасайтынына сенімдімін.
Біз ауданымыздың, Қарағанды облысының, тәуелсіз Қазақстанның гүлденіп, көркейе беруі үшін Сіздермен өзара тиімді жұмыс жасауға әрқашан да дайынбыз.
Құрметпен, Ақтоғай ауданының әкімі
Тілеубергенов Қайыржан Кәрімұлы